26.10.2020
17:26
                                                  
+7 707 379 73 01                Тараз қ., Пушкин көшесі, 154
                   
04 Шiлде 2019
1086

Міндет,мақсат,көзқарасы

Біздің сайтқа қош келдіңіз! Сіздерге біздің колледжбен жақсылап танысып шығуды ұсынамыз.

Колледж өз қызметін 1993 жылы ҚР БҒМ № 377 бұйрығы негізінде статтехникум базасында түрік бөлімі болып бастады және осы жылы Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжі болып аталды.

1998 жылы Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінен түрік бөлімі бөлініп шығып, дербес, заңды тұлғалы оқу орны болып табылды және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны деп аталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 56 қаулысына сәйкес колледж атауы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.

Колледжде жаңа педагогикалық мамандықтар ашылуына байланысты Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы қазан айындағы № 203 қаулысына сәйкес колледж атауы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл инновациялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.

Сіз неліктен дәл біздің колледжді таңдауға тиіссіз?

  1. Біз оқуда замануи технологияларды пайдаланамыз.
  2. Оқу процесі үш тілде жүргізіледі.
  3. Түрік тілі жеке пән ретінде оқытылады.
  4. Жаратылыстану пәндері, мамандық бойынша жекелеген арнайы және жалпы кәсіптік пәндер ағылшын тілінде жүргізіледі.
  5. Бізде кәсіби құзыретті педагогтар жұмыс істейді.
  6. Біз шетелдік оқытушыларды шақырамыз.
  7. Колледжде пән кабинеттері жаңа оқыту жүйесіне сәйкес технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған, ең соңғы үлгідегі компьютерлер кеңінен пайдаланылады.
  8. Біздің колледжде ынтымақты көпұлттық ахуал қалыптасқан.
  9. Біз бітірушілердің жұмысқа орналасуына көмектесеміз.
  10. Біздің колледжде белсенді студенттік өмір, әртүрлі конкурстар, шаралар мен концерттер өткізіледі.

Миссия

Жамбыл инновациялық колледжінің миссиясы әлемдік деңгейдегі білім мен дағдыларды қалыптастыру жолымен экономикалық және әлеуметтік мәселелер кешенін шешу үшін орта кәсіптік білім беру саласындағы жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау жүйесінің тиімділігін арттыру.

Көзқарас

Қоғам және жұмыс беруші талаптарына жауап беретін, жоғары технологиялық өнеркәсіп салалары қажеттілігі үшін кәсіби және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау бойынша Қазақстанда және халықаралық білім беру кеңістігінде танымал болу.

Мақсаты
          - еңбек нарығының нақты қажеттіліктері мен тұтастай алғанда экономиканы дамыту үшін жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту үдерісінде, қоғамда жоғары сапалы қызмет көрсетуде, мемлекеттің элиталық мамандарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау;

- орта кәсіптік-техникалық білім беру саласында бәсекеге қабілетті кадрлық базаны дайындау үшін тәжірибелік және шығармашылық негізді құру;

- білім беру мазмұнын сапалы түрде жаңартып, жас мамандардың жеке кәсіби әлеуетін және ұтқырлығын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында білім берудің жетекші принципінің инновациялық моделін енгізу;

- педагогикалық кадрларды, қосалқы, техникалық персоналды және студенттік контингентті әлеуметтік қолдауды қалыптастыру;

2016-2020 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарын іске асырудың негізгі міндеттері:

Ø      колледж түлектерінің білімі мен дағдыларының жоғары сапасын жұмыс берушілердің мойындауы үшін білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету жүйесін құру;Ø      колледждің білім мазмұны мен құрылымын әлеуметтік әріптестердің талаптарына сәйкестендіру;Ø      үздіксіз білім беру жүйесін құру;Ø      республикалық және халықаралық журналдарда ғылыми және аналитикалық мақалалар жариялау жұмыстарын нығайту;Ø      халықаралық бағдарламалар бойынша колледж мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты күшейту;Ø      үздік практик мен жұмыс берушілерді оқу бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға тарту.Ø      педагогтардың кәсіби біліктіліктерін үнемі жетілдіруін қадағалау және ұйымдастыру;Ø      колледждің материалдық-техникалық базасын толықтырып, жаңартуды жалғастыру;Ø      мамандықтар бойынша кәсіптік білім беру сапасын қадағалау және арттыру.

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location