24.10.2020
01:46
                                                  
+7 707 379 73 01                Тараз қ., Пушкин көшесі, 154
                   
20 Қыркүйек 2018
2091

Мамандықтар

Колледждің негізгі мақсаты - экономика, білім беру және ақпараттық технологиялар саласында сапалы техникалық және кәсіптік білім беру. Біздің колледж сізге әртүрлі мамандықтар бойынша оқыту үшін үлкен таңдау ұсынады. Колледждегі барлық мамандықтар тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен жүргізіледі.

Код

Білімнің профилі, мамандық және кәсіп аты

Біліктілігі

Оқу мерзімі

0111000

Негізгі орта білім беру

0111093 Информатика пәнінің мұғалімі

3 жыл 10 ай

0111113 Ағылшын тілі білімі бар математика пәнінің мұғалімі

3 жыл 10 ай

0111123 Ағылшын тілі білімі бар физика пәнінің мұғалімі

3 жыл 10 ай

0512000

Аударма ісі

0512013 Аудармашы

2 жыл 10 ай

0513000

Маркетинг (салалар бойынша)

0513053 Маркетолог

2 жыл 10 ай

0515000

Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша)

0515013 Менеджер

2 жыл 10 ай

0518000

Есеп және аудит (салалар бойынша)

0518033 Экономист-бухгалтер

2 жыл 10 ай

1305000

Ақпараттық жүйелер (қолдану аясы бойынша)

1305023 Техник-бағдарламашы

3 жыл 10 ай

1305033 Техник

2 жыл 10 ай

 

 

Сіз неліктен дәл біздің колледжді таңдауға тиіссіз?

  1. Біз оқуда замануи технологияларды пайдаланамыз.
  2. Оқу процесі үш тілде жүргізіледі.
  3. Түрік тілі жеке пән ретінде оқытылады.
  4. Жаратылыстану пәндері, мамандық бойынша жекелеген арнайы және жалпы кәсіптік пәндер ағылшын тілінде жүргізіледі.
  5. Бізде кәсіби құзыретті педагогтар жұмыс істейді.
  6. Біз шетелдік оқытушыларды шақырамыз.
  7. Колледжде пән кабинеттері жаңа оқыту жүйесіне сәйкес технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған, ең соңғы үлгідегі компьютерлер кеңінен пайдаланылады.
  8. Біздің колледжде ынтымақты көпұлттық ахуал қалыптасқан.
  9. Біз бітірушілердің жұмысқа орналасуына көмектесеміз.
  10. Біздің колледжде белсенді студенттік өмір, әртүрлі конкурстар, шаралар мен концерттер өткізіледі.

 

 

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location