26.10.2020
18:49
                                                  
+7 707 379 73 01                Тараз қ., Пушкин көшесі, 154
                   
03 Шiлде 2019
738

Студенттік кеңес

СТУДЕНТТІК КЕҢЕС ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер
    ҚРМК студенттік өзін-өзі басқаруы студенттердің бос уақытын ұйымдастыру, тұлғаның жан-жақты дамуы үшін жағдайды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы жастар саясатының тұжырымдамасына және даму стратегиясына сәйкес құрылды.
    Колледждің студенттік өзін-өзі басқару колледж Жарғысын, Студенттік өзін-өзі басқару туралы бекітілген Ережені және басқа нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып құрылды.
  2. Негізгі міндеттері
    Студенттік өзін-өзі басқарудың негізгі міндеттері:
    • Студенттердің азаматтық ролін арттыру;
    • Қазақстан Республикасының жастар саясатын іске асыру;
    • Оның өз тағдырын өзі шешуге және өмірлік құндылықтарды таңдауға, оның толықтығы мен патриоттық рухты үйлесімді дамытуға қолдау көрсету;
    • Студент жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
    • Студенттік және студенттік өзара ықпалдастық проблемаларын бірлесіп зерттеу және шешу;
    • Студенттердің бос уақытын ұйымдастыру: зияткерлік ойындар өткізу, конкурстар мен басқа мәдени-бұқаралық шаралар байқауы;
    • Студенттердің оқытушылық құраммен және колледж әкімшілігімен кері байланысын орнату;
    • Студенттік бірлестік мүшелерінің колледждің мәдени-бұқаралық шараларына белсенді қатысуы және оған студенттерді тарту;
    • Студенттердің көзқарасы мен пікірлерін зерделеу, осы саладағы іс ережесі туралы әкімшілікке жедел хабарлау.
  3. Ұйымдық құрылымы
    Студенттік өзін-өзі басқару өзінің қызметін колледж басшылығымен және тәрбие жұмысы жөніндегі бөліммен үйлестіреді. Колледждің Студенттік кеңес төрағасы сабаққа үлгеретін, студент жастар және оқытушылық құрам арасында беделі бар студенттік кеңес активінің қатарынан 1 жылға жалпы дауыс берумен сайланады. Студенттік қоғамдық бірлестіктің жоғары органы жалпы жиналыс, атқарушы органы – президент, төрағаның орынбасарлары және студенттік кеңестің мүшелері болып табылады. Студенттік кеңес мүшесі осы Ережені мойындайтын және оның талаптарын орындайтын колледж студенті бола алады.
  4. Функциялары
    Студенттік кеңес Студенттік өзін-өзі басқару туралы бекітілген Ережеге сәйкес әрекет етеді, студенттік бірлестіктердің негізгі функциялары мыналар болып табылады:
    • Жұмыс жоспарын әзірлеу, оның орындалуын қамтамасыз ету;
    • Студенттердің мүдделеріне сай келетін әртүрлі шараларды өткізу бойынша ұсыныстар енгізу;
    • Оларды студенттердің бос уақытын ұйымдастыру мен әртүрлі шараларға қатысуға тарту;
    • Колледжде кездесулер, соғыс және еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетуді, белгілі ғалымдармен, мәдениет қайраткерлерімен кездесулер, дөңгелек үстелдер мен дебаттар, тақырыптық және шығармашылық кештер және т.б. ұйымдастыру мен өткізу;
    • Аудандық, қалалық, республикалық семинарларға, конференцияларға, конкурстар мен басқа шараларға қатысу.
  5. Құқығы
    Студенттік қоғамдық бірлестіктер мүшелері құқылы:
    • Студенттік кеңестің басқару органы сайлауға және сайлануға;
    • Студенттік кеңес қызметіне қатысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге;
    • Студенттік кеңес қызметіне қатысты ақпарат алуға;
    • Колледждің ғылыми кітапхана қорын пайдалану мүмкіндігіне, сондай-ақ колледж Жарғысына қайшы келмейтін өзге де құқықтарға.
  6. Жауапкершілігі
    Студенттік қоғамдық бірлестіктер мүшелері мыналар үшін жауапкершілік көтереді:
    • Колледждің Студенттік қоғамдық бірлестіктері туралы бекітілген ережені сақтау;
    • Қойылған міндеттерді уақытында және сапалы орындау;
    • Еңбек тәртібін сақтау, сақтауға қабылданған немесе өндірістік мақсатта пайдаланылатын мүліктің сақталуы;
    • ҚР заңнамасын, сондай-ақ осы Ережеде қарастырылған нормаларды сақтау.
  7. Таратылуы
    Студенттік қоғамдық бірлестіктерді тарату колледж директорының бұйрығы бойынша ғылыми кеңестің шешімі негізінде жүзеге асырылады.

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location