26.10.2020
18:41
                                                  
+7 707 379 73 01                Тараз қ., Пушкин көшесі, 154
                   
22 Қыркүйек 2020
33

 «Құқықтық тәрбие және колледж студенттері арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбы бойынша онлайн тарбие сағаты

Жамбыл инновациялық жоғары колледжінде ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде  «Құқықтық тәрбие және колледж студенттері арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» бойынша 1 курс  білім алушылары арасында онлайн тәрбие сағаты өткізілді.

Мемлекетіміздің ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды.
«Мемлекетіміздің басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары». Кәзіргі заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мақсатына жетеді. Сондықтан заңды білу –кәзіргі заман талабы. Бугінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі-балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы мәселе бойынша онлайн сабағымыздың қонағы Тараз қаласы полиция басқармасы ювеналдық полиция бөлімінің аға-инспекторы полиция капитаны Юсупова Миасар Амангельдықызы тусіндірді. Өз сөзінде ол: құқықтық сауатсыздықтан, яғни өз құқығы мен міндетін білмей, басқаның құқығын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырамыз, сондықтан,  колледж бен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек ендігін айтты.Білім алушылар көптеген сурақтарына, полиция қызметкерінен толық жауап алды.

 Колледж психологы Сарымбетова А.А.білімгерлерге      
қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екені құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтеу керек екендігі туралы айтты.

Медиа қызмет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location